Қоғам

"Арандатушылыққа ермеңіздер": Серік Сәпиевтің орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді

Ол әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов өзіне қатысты болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ол әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындықты көрсетпейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатушылыққа және жекелеген мүдделі тұлғалардың бұл жағдайды қолдан ушықтыру әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймын», – деп жазды Дәурен Есімханов.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында жанжал болып, соның салдарынан басқарма басшысы дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған болатын.