Әлеумет

Семейде зейнеткер полицейлердің автокөлігін өртеп жіберді

Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

«2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10 шамасында бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде учаскелік полиция пунктінің маңында заңға қайшы әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі “Chevrolet Cobalt” және “Changan” маркалы екі автокөлікті өртеген», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.