Елімізде мұнай өңдеуші зауыттар іске қосылмас бұрын, сарапшылар бензин бағасының қымбаттауына отандық өндірістің тапшы екенін себеп қылатын. Қазіргі ахуал бұл қағиданы теріске шығарып отыр. Өйткені еліміз бензин өндірісінен рекордық көрсеткішке қол жеткізсе де бір жылда баға бірнеше мәрте шақыртады.
Қазақстанның мұнай өңдеу саласы 2025 жылды рекордпен жапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz. Энергетика министрлігінің дерегінше, автомобиль бензинінің өндірісі 6 млн тоннаға жеткен – бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Бірақ қарапайым автокөлік иелерінің есінде қалғаны бір жыл ішінде баға орта есеппен 15,7%-ға көтерілгені болды.
Energyprom.kz сарапшылары Энергетика министрлігі мен Ұлттық статистика бюросының деректерін талдап, рекордтық өндіріс жағдайында бензин неге қымбаттағанын және 2026 жылы не күту керегін түсіндіруге тырысқан.
Сарапшылардың айтуынша, өндірістің өсуі үш ірі мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуының нәтижесі. 2015 жылмен салыстырғанда бензин өндірісі екі есе артқан. Оның ішінде Шымкент МӨЗ негізгі рөл атқарған: зауыт бір жылда 2,3 млн тонна бензин өндіріп, жалпы көлемнің үштен бірін қамтамасыз етті. Бұған қоса, Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылдар кезінде Кашаган мұнайы Шымкентке бағытталып, зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік берген.
Жыл қорытындысы бойынша бензин импорты жоқтың қасы болды – Қазақстан ішкі сұранысты толығымен өз өндірісімен жапты. Бірнеше жыл бұрын бұл мақсат стратегиялық жоспар еді, ал бүгін – нақты нәтижеге айналып отыр. Алайда бұл жетістік бензин бағасынан көрініс тапқан жоқ.
Егер 2024 жылы бензин небәрі 0,8%-ға қымбаттаса, 2025 жылда бірден 15,7%-ға көтерілді. Әсіресе желтоқсандағы секіріс айрықша байқалды – сарапшылар мұндай құбылысты соңғы жылдары көрмеген.
2026 жылдың қаңтарындағы орташа бағалар мынадай:
– АИ-92: литрі 235–245 теңге (мораторий сәуірге дейін);
– АИ-95: литрі 298–315 теңге (бағаны нарық реттейді);
– АИ-98: литрі 325–365 теңге.
Өңірлердегі айырмашылық әлі де үлкен: ең арзан бензин Атырау, Орал және Ақтөбе облыстарында, ал ең қатты қымбаттаған өңірлер – Павлодар облысы, Алматы, Қонаев және Семей. Бұл жерлерде кей маркалардың бір жылдағы өсімі 20%-ға жуықтаған.
Сарапшылардың айтуынша, 2025 жыл “өте арзан бензин” дәуірінің аяқталғанын көрсетті. Қазақстанда жанармай ЕАЭС елдерінің ішінде әлі де ең арзан, бірақ Ресей мен Қырғызстанмен салыстырғанда баға айырмасы тым үлкен. Мысалы, Ресейде АИ-92 литрі теңге есебімен 380–420 теңге шамасында. Бұл “сирақ экспортқа” (көлеңкелі шығару) тұрақты стимул жасап отыр.
2026–2027 жылдарға қатысты негізгі тәуекел – ЕАЭС аясындағы міндеттемелер. Келісім бойынша, 2027 жылға дейін мұнай өнімдерінің нарығы синхрондалуы тиіс. Бұл – бағаның біртіндеп жақындасуын білдіреді. Қазақстан жағдайында – Ресей деңгейіне қарай көтерілуін.
Ең жақын “қызу нүкте” – 2026 жылдың сәуірі. Себебі дәл осы айда АИ-92-ге қойылған мораторий аяқталады. Сарапшылар баға өзгерісінің жаңа толқыны сол кезде басталуы мүмкін дейді.
Бүгінгі жағдай көрсеткендей, өндірісті арттыру енді бағаларды ұстап тұруға жеткіліксіз. Алдағы жылдары Қазақстан бензин нарығы ішкі факторлардан бұрын өңірлік интеграция мен сыртқы жағдайларға тәуелді болмақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы банкінің жыл сайынғы сыйақысы қашан түсетіні белгілі болды
- авторОймақ
- 24 қаңтар, 2026






