дүйсенбі, 25 қараша, 2024 18:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: БҚО ТЖД
Су тасқынына ұшыраған өңірлердегі бүгінгі жағдай бойынша жедел ақпарат таратылды.

«9 сәуірдегі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, азаматтық қорғау қызметінің күшімен 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның арасында 3809 бала бар. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқаршуы органдардың күшімен 8 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды. Сонымен қоса 1 мыңнан астам құм қапшық және 1 тоннадан астам инертті материалдар төселді. Авариялық құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам және 2500-ге жуық техника жұмылдырылды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ТЖМ өкілінің айтуынша, еліміздің 9 өңірінде (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және СҚО) жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай жарияланды.

«Жедел желі телефондарына 1129 қоңырау келіп түсті және 76 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда», - дейді спикер.

Айта кетсек, Ішкі істер министрлігі су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауына алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар