Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында болған қайғылы жол апатынан кейін алты ай өткен соң қылмыстық іс тергеудің белсенді кезеңіне өтті. ҚР ІІМ UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың аталған іс бойынша процессуалдық мәртебесі өзгергенін растады.
ҚР ІІМ вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 25 қаңтарда журналистерге берген түсініктемесінде Гулайым Рахмонованың қылмыстық іс аясында күдікті деп танылғанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта қорғау тарапы тергеу материалдарымен танысып жатыр", – деді вице-министр.
Бұған дейін ол іс бойынша қорғауға құқығы бар куә ретінде танылған болатын. Алайда тергеу барысында жаңа дәлелдердің жиналуына байланысты оның процессуалдық мәртебесін өзгерту туралы шешім қабылданған.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 4-бөлігі бойынша тергелуде. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза табуын қарастырады. Кінәсі дәлелденген жағдайда, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тараптардың жауапкершілік деңгейіне қатысты түпкілікті шешім сот қарауы барысында қабылданады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Серік Сәпиев қоғамда резонс тудырған жағдай туралы мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 25 қаңтар, 2026
Сарбаз өлімі: Өскеменде әскери қызметші өзіне оқ атып, жарақатынан көз жұмды
- авторОймақ
- 25 қаңтар, 2026





