дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 2:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сарбаз өлімі: Өскеменде әскери қызметші өзіне оқ атып, жарақатынан көз жұмды

Сарбаз өлімі: Өскеменде әскери қызметші өзіне оқ атып, жарақатынан көз жұмды
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қарауыл қызметін атқару кезінде орын алған.

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай туралы алғашқы болып редакцияға сенімді дереккөзі хабарлаған болатын.  Qaz365.kz тілшісінің арнайы жолдаған сұрағына ҚР Қорғаныс министрлігінен былай деп жауап берді:

“Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”.

Сондай-ақ жауапхатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылғаны айтылған.

“Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Арынғали Акишев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар