Отбасы банкінің жыл сайынғы сыйақысы қашан түсетіні белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:17
- 13
Krisha.kz сайтының хабарлауынша, Отбасы банкінің салымшылары 2025 жылға арналған мемлекеттен берілетін жыл сайынғы сыйақыны көктем басталғанға дейін алады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..
«Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңға сәйкес, 1 наурыз – төлем жүргізудің соңғы мерзімі. Банкте нақты аудару күні әлі белгіленбегенін, бірақ ақпан айында жүзеге асады деп күтіліп отырғанын түсіндірді. Мемлекеттік сыйақы барлық салымшыға бір мезетте есептеледі.
2025 жыл үшін төлемнің ең жоғары мөлшері 157 280 теңгені құрайды. Бұл қаражатты жыл ішінде депозитін кемінде 200 АЕК-ке (786 400 теңге) толықтырған салымшылар алады.
2026 жылы мемлекеттік сыйақы көлемі ұлғаяды, себебі АЕК мөлшері 4325 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты ең жоғары бонус 173 мың теңгеге жетеді. Бұл сома келесі жылдың көктемінде, шот кемінде 865 мың теңгеге толықтырылған жағдайда есептеледі.
Айта кетейік, мемлекеттік сыйақы бұған дейін төленген сомаларға қайта есептелмейді. Сондай-ақ заңға сәйкес, бір салымшы сыйақыны тек бір ғана өз шотына ала алады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Цифрлық активтер туралы ең қауіпті миф туралы сарапшы айтып берді
- авторОймақ
- 23 қаңтар, 2026






