Атырау облысында түнгі клубта ер адамды бірнеше адам жабылып, аяусыз ұрып-соқты
Оқиға 18 қаңтар күні “Зиллон” түнгі барында болған. Алдымен жанжал мекеме ішінде басталып, кейін далада жалғасқан.
Желіде тараған видеода күдіктілердің жәбірленушіні қатігездікпен ұрғаны көрінеді.
Полиция 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазір бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.