бейсенбі, 22 қаңтар, 2026 15:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оралда үш егіз жігіт әскер қатарына алынды

Оралда үш егіз жігіт әскер қатарына алынды
Фото: Видеодан кадр: 24.kz
Оралдағы әскери бөлімдердің бірінде биыл үш егіз жігіт әскер қатарында борышын өтеп жүр.

Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, Ұлттық Ұлан сапында ағайындылардың қызмет етуі жиі кездесетін жағдай, бірақ үш егіздің бір маусымда бір ротаға түсуі алғаш рет.

Телеарнаның хабарлауныша, армия қатарына Мәди мен Мақсат есімді егіз Ақтөбеден шақыртылса, Ришат пен Рафхат Атыраудан, ал Константин мен Кирилл Алматыдан келген. 

Алматылық Ставинскийлердің армандары әртүрлі. Константин келешекте ресторан бизнесімен айналысуды, ал Кирилл әскер қатарында қалуды көздеп отыр.

"Мен алдағы уақытта Ұлттық Ұлан сапында келісімшартпен қалып, Алматыда қызмет еткім келеді. Болашақта полковник шеніне дейін жетуді армандаймын. Еліме адал қызмет етемін", - дейді Кирилл Станиславкий.

Ал Ришат пен Рафхат әскерге Атырау облысынан шақыртылған. Үлкені Ришат армиядан босаған соң, жоғары оқу орнына түсіп заңгер болсам дейді. Рафхат та ағасынан қалғысы келмейді. Екеуі үнемі бірге жүреді, қандай тапсырманы да бірге орындайды.

"Бізді әлі ажырата алмайды. Қазір бір ротада бірге қызмет етеміз, бір взводтамыз. Бір бөлімшеде бірге жатамыз. Бірге жүреміз", - дейді Ришат Құспанғали.

Ақтөбелік Мәди мен Мақсат Рахметуллиндердің де желтоқсан айында армияға алынғаннан бері жұптары жазылған емес. Ағайындылар өмір бойы қандай қиындықты да бірге еңсеріп келе жатқанын айтады.

"Әрине  егізім әрдайым қасымда болса өзіме қолдау білдіреді. Қуанышта да бірге, қайғыда да бірге әрдайым бір-біріміздің жетістіктерімізді көрсек қуанамыз, бір-бірімізге қолдау береміз. Мен одан 10 минутқа үлкенмін. Оның да қорғайтын кезі болады, менің де қорғайтын кезім болады", - дейді Мақсат Рахметуллин.

Ұлттық Ұланның Оралдағы №5517 әскери бөліміне желтоқсанда 200-дей жас сарбаз шақырылған. Олардың қатарында үш егіз бар. Мұндай жағдай әскери бөлім басшылығының тәжірибесінде бірінші рет кездесіп отыр.

"Бөлім командирінің бұйрығы бойынша олар бөлінбейді. Әрқашан қызметте болсын бір жерге түседі және бір бөліністе қызмет атқарады. Олардың көңіл-күйін, психологиялық жағдайын мен зерделеуге міндеттімін. Сарбаздар өте жан-жақты. Әскери өмірге құлшыныстары керемет. Егіздер былай айтқанда өте жақсы нәтиже көрсетуде. Сабақ үлгірімі бойынша және физикалық тұрғыдан жаттығулар көрсету бойынша алғы шепте деп айтса болады. Армияға алынған жас сарбаздар жақында Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Қазір олар қала көшелеріндегі қоғамдық қауіпсіздікті қалтқысыз қадағалап, өз борышын өтеп жүр", - дейді №5517 әскери бөлімінің батальон командирінің орынбасары Алмас Балтабеков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар