"Жақсы көрем": әнші Бағдат Сейіт пен Ақбота Нұрдың суреті қызу талқыға түсті
- авторОймақ
- Бүгін, 14:27
- 24
Әнші Ақбота Нұр актер әрі әнші Бағдат Сейітпен бірге түскен суреттерінен кейін жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы Бағдат Сейіт әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жазды. Ол Ақбота-Нұрмен түскен фотоларын бөлісіп, қысқа ғана «Жақсы көремін» деп қалдырған.
Кадрларда қыздың жүзі толық көрінбегенімен, желі қолданушылары оны аяғындағы қара қалы арқылы танығандарын айтады. Осы деталь көптің назарын аударып, бірқатар оқырман екеуіне бақыт тілеп, жылы пікір қалдырған.
Пікірлер арасында әзіл де, сын да араласып жүр. «Ақбота ғой, аяғындағы қара қал», «Аяқтың өзі хит», «Өте керемет жұп, бақытты болыңдар», «Ақбота, осы жолы бақытты болшы» деген сөздермен қатар, кейбірі «Жабыспаған жігіті қалмады ғой» деп те жазған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






