сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 15:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер ынталандырылады

Рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер ынталандырылады
фото: BAQ.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда әлеуметтік саясатқа қатысты берген тапсырмалары қалай орындалатынын түсіндірді

Оның айтуынша, Президент Үкіметтің әлеуметтік саясатына ерекше назар аудара отырып, бұл салада бірінші кезекте шешілуі тиіс бірқатар маңызды мәселені айқындаған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы белгілеп берген негізгі қағидаттар – «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары аясындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі, - деді министр отырыста.

Аида Балаеваның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл мақсатта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі әрі түсінікті нұсқаулықтар әзірленеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру тетіктерін әзірлеу жоспарланып отыр, - деп айтты Балаева.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар