сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 17:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкент қаласында жаппай төбелестен 40 жастағы ер адам көз жұмды

Шымкент қаласында  жаппай төбелестен 40 жастағы ер адам көз жұмды
Pixabay
Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған.

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған жаппай төбелес салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгерлердің айтуынша, екі көліктің соқтығысуынан кейін жанжалға үшінші автокөлік те араласып, қақтығыс жаппай төбелеске ұласқан. Оған шамамен он шақты адам қатысқан. Төбелес барысында екі ер адам пышақ жарақатын алған. Олардың бірін белгісіз адамдар қала сыртына күштеп алып кетіп, кейін мәйіті табылған. Екінші жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған деректі Шымкент қаласының полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілердің жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру жұмыстарына департаменттің барлық күш-құралы жұмылдырылды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары оқиғаның куәгерлерін тергеуге көмектесу үшін полицияға хабарласуға шақырды. Тергеу жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар