Қоғам

Су тасқынынан жұқпалы аурулар пайда бола ма – ДСМ жауап берді

Су тасқыны байқалатын өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда.


 
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері туралы айтты.
 
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі Су тасқыны байқалатын өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда.
 
– Бүгінде су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде. Барлық нысандарда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдарымен ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілген. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Су сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бүгінгі күні жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетеді, - дейді ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева.