Әлеумет

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.