жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар