Сот мәліметіне сәйкес, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ автожолында болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Kaz.365 Info.kz сайтына сілтеме жасап.
Айыпталушы пневматикалық мылтықпен бейнебақылау камерасына оқ атып, құрылғыны қасақана зақымдаған.
Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенін айтты. Алайда жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін жеткізді. Сот азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 196 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






