сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 11:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарлықтар пәтерде тоңып отырмыз деп шағымдануда

Павлодарлықтар пәтерде тоңып отырмыз деп шағымдануда
Freepick
Павлодарда күн жылынғанымен, көпқабатты үйлердегі жылу әлі жеткіліксіз.

Тұрғындардың айтуынша, батареялар салқын болып, пәтер ішіндегі температура +23 градусқа дейін төмендеген. Шағымдар Усолка, МДС, Химқалашық және қаланың орталық бөлігінде көп тіркелген, деп хабарлады Қазақпарат.

– Пәтеріміз салқын. Аязға дейін бөлмелерде +29 градус температура болса, қазір небәрі +23 градус сақталып тұр. Жылу батареяларының қызуы аса сезілмейді. Аязды күндері бөлмелер сәл-пәл жылы болған сияқты. Ал бүгін үй іші мүлде азынап кетті, – деп мұңын шақты Естай көшесі, 150/1 үйдің Арай есімді тұрғыны.

Салқындық мектептер мен ауруханаларда да байқалған. Оқушылар кей сыныптарда сырт киіммен отырса, науқастар палаталардың суықтығына шағымдануда.

ПИК өкілдері жертөлелерге келетін жылу 60–72 градус деңгейінде екенін айтады – бұл нормадан төмен көрсеткіш. Ал қалалық әкімдік пен «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу орталықтарында температура 98 градус екенін мәлімдеп, жұмыс штаттық режимде жүріп жатқанын хабарлады.

13-19 қаңтар аралығында комиссияға 10 өтініш түскен, алайда жылумен қамту параметрлерінің бұзылуы ресми түрде расталмаған. Әкімдік мәселе көбіне үйлердің ішкі жылу жүйелеріндегі және панельаралық тігістердегі ақаулардан туындайтынын алға тартты.

Ұйымдар тұрғындарға ақауларды жою бойынша ұсыныстар беріп, өтініштер жедел қаралады деп сендіруде.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар