Қоғам

Шымкентте газ жарылып бір адам қаза тапты

Шымкентте жеке тұрғын үйде газ ауа қоспасының жарылысы болып, бір адам қаза тапты, зардап шеккен тағы екі адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұл ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы жағдай Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, сіріңке жағылып, соның әсірінен үй ішінде жиналған газ тұтанып, жарылыс болған.

– Оқиға орнына жеткенде өрт сөндірушілер келгенге дейін газ ауа қоспасының тарсылы болғаны анықталды. Соның салдарынан 3 адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, – деді департамент өкілдері.

Алайда жарақат салдарынан 30 жастағы ер адам емханада көз жұмды.