Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат агенттігі хабарлады.
«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық Холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ компания клиенттері үшін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару акциясын іске қосады. Акция қарыз алушылардың барлығына қолданылады.
Акция 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап 1 наурызды қоса алғанда қолданыста болады.
— Акция шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» қаржы лизингі шарттары бойынша ақшалай міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбының 100%-ын есептен шығарады. Шараға қатысудың негізгі шарты — қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақыны акцияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін толық өтеу. Бұл ретте акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде берешекті ішінара төлемдермен өтеуге мүмкіндік беріледі, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ міндеттемелері бойынша бұрын сот шешімдері шығарылған клиенттерге де, олар сот шешімі бойынша берешек сомасын толық өтеген жағдайда қолданылады (акция шеңберінде есептен шығаруға жататын өсімпұлды қоспағанда).
Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар өзіне қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына өтінішпен жүгінуі қажет.
Филиалдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары www.kaf.kz сайтында көрсетілген. Call-орталығы: +7 (717-25) 5-77-55, 9077, 1408.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






