дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 13:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді

Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді
auezov.edu.kz
Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы басшысы бюджет қаржысын заңсыз иемденді деген күдікпен сотта жауап беруде. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында мемлекетке 321 млн теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталған. Аталған іске университеттің қаржы және әкімшілік бөлімдерінің басшылары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ бірқатар мердігер компаниялардың жетекшілері де тартылған.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер мемлекеттік сатып алулар кезінде жалған шарттар жасасқан. Бұл келісімдер бойынша тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе олардың құны бірнеше есе қымбаттатылған.

Соттың санкциясымен күдіктілердің төрт тұрғын үйі, бір автокөлігі және банктік есепшоттарындағы 40 млн теңгеден астам қаражаты бұғатталды.

Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауды жалғастыруда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар