Зәкиева баласын ұрып-соққан әйелге қатысты пікір білдірді
Жетісу облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жетісу облысында баласын ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы факті бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Жетісу облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті әйел полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта балалар қауіпсіз жерде, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Сонымен қатар, ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына тиісті ұсыныс жолданады, - деді Зәкиева.
Бұған дейін Жаркентте 28 жастағы анасы өз баласын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз. Аталған оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, резонанс тудырды. Белгілі болғандай, баланың әкесі болған жайтқа араласпай, жанында үнсіз отырып, бәрін телефонға түсіріп отырған.