Саясат

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.

Бұл туралы Президенттің Кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда; 

2025 жылы – Бурабайда өтті.