жексенбі, 18 қаңтар, 2026 18:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда 18 сантиметр қар түскен

Алматыда 18 сантиметр қар түскен
Алматы қаласы әкімдігі
Қар жауған шақта жол-көше желісі кешенді тазаланды.

Алматыда 16-18 қаңтар аралығында жауған мол қардан кейін тазалау жұмыстары жалғасуда. «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, осы кезеңде қала аумағына 18 сантиметр қар түскен. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жауын-шашын жоқ, күндізгі ауа температурасы минус 11–13 градус шамасында. Көлік пен жүргіншілер қозғалысын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Қар жауған шақта жол-көше желісі кешенді тазаланды. 210 құм себу техникасының көмегімен 7 250 тонна көктайғаққа қарсы материал себілді, патрульдік жол полициясы экипаждарының еріп жүруімен 28 қар ысыру колоннасы жұмыс істеді. Күндізгі уақытта 75 жедел бригада, 1,7 мыңнан астам жол саласы жұмысшысы және 900-ден астам арнайы техника тартылды. Қар үйінділері жиналып, магистральдық және жүргінші көшелерінен, сондай-ақ қоғамдық орындардан қарды тәулік бойы шығару ұйымдастырылды. 18 қаңтар сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 11 250 текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары, жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустарды арнайы техниканың көмегімен және қолмен тазалануда. Халық көп жиналатын нысандарға, соның ішінде медициналық және білім беру мекемелеріне кіреберістердің қолжетімділігіне ерекше назар аударылуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар