бейсенбі, 15 қаңтар, 2026 12:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зейнетақы жинағындағы ақша тіс емдеуге қашан жұмсалатыны белгілі болды

Зейнетақы жинағындағы ақша тіс емдеуге қашан жұмсалатыны белгілі болды
BAQ.kz
Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген. Егер бұрын мұндай өтініштер айына оннан аспайтын болса, биыл қаңтар айында олардың саны жеті мыңға дейін жеткен.

Жүргізілген тексеріс барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қажетті құрал-жабдық пен білікті мамандардың жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде тіркелмеген болып шыққан.

Қазіргі таңда заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар