Билет бағасы 1,2 млн теңге: Air Astana мәлімдеме жасап, ақпаратты растамады
Air Astana скриншоттардағы әуе рейстерінің билеттері туралы түсініктеме берді
Air Astana скриншоттардағы әуе рейстерінің билеттері туралы түсініктеме берді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Атыраудан Алматыға әуе билеттерінің бағасы 1,2 млн теңгеге жеткені туралы скрин тараған. Air Astana әуекомпаниясы осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, скриншоттардағы ақпарат қате деп отыр.
Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген, алайда ол жерде Ыстамбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген, ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда.
Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Air Astana мәліметінше, әуе компаниясы ішкі бағыттардағы әуе билеттерінің құнын өсірмеген.