Руханият

Күй мен күйші

Күйді насихаттау - әр қазақтың парызы болуға тиіс.

 

Қазақ күйі әркез жаңарып, жаңғырып және дамып келеді. Сонысымен ол ұзақ жасайды, құдыретке ие болады. Күйшінің таланты мен тыңдаушылар талғамы үйлескенде ұлттың сана-сезімі өседі, қуаттанады.

Күйді насихаттау - әр қазақтың парызы болуға тиіс.

Әдеби көркем шығармаларда оның үлгілері де бар. Жақсы дәстүрді қазіргі бұқаралық коммуникация құралдарында, әлеуметтік желілерде лайықты жалғастыру керек деп санаймыз. Қазақ күйін жария етуді, күйшісін құрметтеп, насихаттауды өзімізден бастайық, сонда халқымызды, оның қайталанбас бірегей өнерін ел ішіне ғана емес, әлемге танытатын боламыз. Үлкен-кішіңіз бар, баршаңызды абыройлы іске үлес қосуға шақырамыз.

МӘҢГІ ҮЗІЛМЕС ӘУЕН

Үш жыл бұрын педагогика ғылымының кандидаты, профессор, ұлы күйшінің шөбересі Төлеген Қуанышевтың

“Күй анасы Дина” атты танымдық кітабы жарық көрді, оның атсалысуымен елордада еңселі ескерткіші бой көтерді.

Сол кітапта Құрманғазының Динаға берген батасы ұтымды берілген:

“Домбырам - мұрам, ал, балам,

Мүлкім осы қалдырған.

Ұсынамын қолымнан,

Иелік ет балдырған.

Құрманғазы кім десе,

Өмірін отқа шалдырған,

Күйімді тарт күңірентіп,

Тыңдаушысын қандырған.

Домбырам менің ырғайды,

Екі шегі тынбайды.

Пернелері қозғалып,

Бұзылмайды, сынбайды.

Аман болсаң, Динажан,

Сенімен бірге жырлайды.

Серігің болсын домбырам,

Қалған саған күй мұрам,

Ұрпағым сенен тындайды”.

Құрманғазы Динаны тоғыз жасынан 19 жасына дейін, ұзатылғанша домбыраға баулыған. Ал аса дарынды шәкірті оның аманатын кейінгі ұрпаққа жеткізді. Ұлы ұстазы “Сенің сол қолың, менің оң қолым бір адамға бітсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді” деп те сүйсінеді екен.

Жыр атасы Жамбыл мен күй анасы Динаның кездесуі жайындағы мөлтек әңгімеден бөлек, бұрын жарияланбаған мәліметтер мен фотосуреттер, нешеме деректі әңгімелер, арнау жырлар, есте қалар естеліктер, танымал күйлер мен туындылар туралы зерттеулер мен пайымдар, ұсыныстар тап-тұйнақтай жинақталыпты.

Әз-Наурызда Ұлттық киім күні аталып өтті. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек деген ұсыныстар да айтылды. Осыған орай, күйші ананың санамызда, ескерткіште, бейнеде қалған киім үлгісі - жаулығы қазіргі өнер майталмандарына ой салатындай емес пе?!

Әлбетте, бізге Динадай күйшінің мұрасы маңыздырақ. Елімізге белгілі күйші Жанғали Жүзбайдың айтуынша, музыка әлемінде дыбыс тонға, ал тон жартыға бөлінеді. Бұл тонды «ширек тон» деп айтуға болады. Күй тартқанда Дина әжеміздің ерекшелігі сонда - жарты тонның өзін екіге бөліп тартатынын естігенбіз. Күйшілердің арасында бұл музыкалық ерекше феномен құбылыс “Динаның “Сарыарқа” күйлеріндегі пернелері» деп аталған, онын бірнеше себептері мынадай:

1. Құрманғазы бабамыз “Сарыарқа” күйін тартқан кезде 30 пернелі домбыраны пайдаланған деген дерек бар;

2.Ширек тонды ести алатын қабілет Кұрманғазының өзінен басқа шәкірттерінің арасында тек қана Динага дарыған;

3.Күйлерді тарту мәдениетіне (тәсілдері) оркестрмен орындалу үрдісі енгеннен кейін “Динаның “Сарыарқа” күйлеріндегі пернелері” ұмыт болды. Кайбір жылдары Дина әжеміздің колынан куй тартып үйренген шәкірттерінің бірі, елімізге кеңінен танымал дирижер Фуат Мансуров ағамыз

Астанага іссапармен келіп, Елорданың ұлттык аспаптар оркестрінің орындауында “Сарыарқа” күйін тындағаннан кейін “Күйді дурыс тартпадыңдар» деп ренішін білдірген екен. Бұл сөзімізге сол жерде болған күйші,

дирижер Айтқали Жайымов, күйшілер Тұрар Әліпбаев пен Дәурен Ғалымовтар куә бола алады”.

Шын мәнінде, Ұлттық құрылтайда айтылғандай, озық ойлы ұлт болу жолында “Арыс” баспасы жарыққа шығарған осындай құнды жинақтардың орны ерекше. Өйткені, еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи, мәдени мұрасымен астасып жатыр.

Дархан МЫҢБАЙ