Әлеумет

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Үндеуде еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты бірқатар ұсыныстар жасалған

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты бірқатар ұсыныс жасады.

Министрлік берген ұсыныстар: 

Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;

Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.