«Шығын 1,9 млрд теңге»: шекара арқылы елге заңсыз тауар кіргізгендер қамалды
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлады Oimaqnews.kz Elordainfo.kz порталына сілтеме жасап.
Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.
«Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.