Балықшылардың балығын әкетпек болған түлкі видеоға түсіп қалды
Астана маңында балықшылардың олжасын айламен алып кетпек болған түлкінің видеосы желіге тарады.
Астанаға жақын маңда түлкі балықшылардың аулаған балығын ұрлап әкетуге тырысқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Әлеуметтік желілерде балықшы түсірген видео жарияланды. Видеоны Madi Manatbek есімді Instagram қолданушысы таратқан. Кадрларда түлкінің аулаған балықты «сүйретіп қашқаны» көрінеді. Бұл жағдай желі қолданушыларына «Түлкі мен қасқыр» ертегісін еске салды.