Әлем

Әлемде мұнай өндірісі баяулайды – сарапшы

Қытайда 2030 жылдардан кейін мұнайға сұраныс төмендей бастайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ақпарат порталы OilCapital сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың CNPC мемлекеттік мұнай корпорациясы дайындаған баяндаманың деректері бойынша, алдағы жылдары елде мұнай тұтыну көлемі біртіндеп азая бастайды. Бұл туралы хабарлады.

Болжамға сәйкес, КХР-де мұнайға сұраныстың төмендеуі көліктің электрленуі және тұтыну динамикасының шекті деңгейге жетуімен байланысты.

2024 жылы Қытайда мұнай тұтыну көлемі 770 млн тоннаны құраған. Бұл Қазақстанның жылдық өндіру көлемінен шамамен сегіз есе көп. Ал 2025 жылы алдын ала есеп бойынша тұтыну 760 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

2030 жылға дейінгі бесжылдық кезеңде жалпы тұтыну шамамен осы деңгейде сақталатыны айтылған. Дегенмен мұнайхимия саласына арналған шикізат пен авиаотынға сұраныс өседі, ал бензин, дизель сияқты жанармай түрлеріне сұраныс керісінше төмендейді.

Қытай қазіргі таңда мұнай өндіретін әлемнің алдыңғы бес мемлекетінің қатарына кіреді. Елде жыл сайын шамамен 215 млн тонна мұнай өндіріледі. CNPC болжамынша, өндіріс жыл сайын 1–2% өсім көрсетпек.