Экономика

Әлеуметтік желіде тараған «кредит кешіріледі» деген ақпарат – жалған

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде тараған «екінші деңгейлі банктерде кредиттер кешіріледі» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Ведомство таратқан ресми мәліметте жалған ақпаратқа сенбеу керектігі, тек ресми дереккөздерді пайдалану қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ азаматтарға әртүрлі делдалдарға жүгінбеуге кеңес берілді. Агенттік жалған ақпарат таратудың заң алдында жауапкершілік жүктейтінін еске салды.

Қазіргі таңда Қазақстанда мерзімі өткен берешекті ресми түрде реттеу тетігі жұмыс істейді. Агенттік бұл механизм бойынша ақпарат ашық әрі қолжетімді екенін жеткізді.

Осылайша, ведомство азаматтарды әлеуметтік желілердегі жалған хабарламаларға алданып қалмауға шақырды.