Қоғам

Бишімбаевтың телефон соққан балгері Шымкентте тұратын болып шықты

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Өзіне қатысты қылмыстық істің келесі эпизоды бойынша жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұған дейін айтқан балгер адамы Шымкент қаласында тұратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін екінші эпизод бойынша жауап берген Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова ұйықтап жатқанда балгерге телефон соққанын айтқан. 

Ал бүгін зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұл балгер Шымкентте тұратынын хабарлады. 

Адвокаттың "әйеліңізге жедел жәрдем емес, Шымкенттегі балгер көмектеседі деп ойладыңыз ба?" деген сұрағына ол "мен балгерге сенетінмін" деп қайталап жауап берді.