Жәнібек допинг дауына байланысты үндеу жариялады
Допинг сынамасының В үлгісінің нәтижесі алдағы уақытта жариялануға тиіс.
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына байланысты жанкүйерлеріне үндеу жолдады. Боксшы допинг сынамасының В үлгісінің қорытындысы әлі шықпағанын атап өтіп, әлеуметтік желіде қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әлімханұлы қиын кезеңде жанкүйерлерінің сенімі мен қолдауы үлкен рух бергенін жеткізді. Оның айтуынша, әсіресе отандастарының таза екеніне күмән келтірмей, қолдау танытуы ерекше демеу болған.
Еске салайық, желтоқсан айында жүргізілген тексеріс барысында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының А үлгісі оң нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты көптен күткен Эрисланди Ларамен өтетін біріктіруші жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды.
Допинг сынамасының В үлгісінің нәтижесі алдағы уақытта жариялануы тиіс.