Қазақстандағы Үндістан Республикасының елшілігі 9 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір Үндістан азаматының қайтыс болғанын хабарлады.
Аталған жол апаты 6 қаңтарда «Алматы – Бішкек» автожолының 86-шақырымында тіркелген. Алдын ала деректер бойынша, көлік жүргізушісі басқаруды жоғалтып, автокөлік аударылған. Оқиға кезінде көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Олардың төртеуі – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, біреуі турист болған.
Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үш адам ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Кейіннен жансақтау бөлімінде жатқан 2001 жылы 13 наурызда туған Рахул Ядавтың 9 қаңтар күні таңертең қайтыс болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта марқұмның мәйітін Үндістанға жеткізу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Сондай-ақ елшілік өкілдері осы жол апатынан қаза тапқан Үндістан азаматтары Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері 9 қаңтар күні Үндістанға жөнелтілгенін хабарлады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жәнібек допинг дауына байланысты үндеу жариялады
Ұқсас жаңалықтар
Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылдау басталды
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026





