Саясат

Әзербайжан Қазақстандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады

Әзербайжан  сыртқы істер министрлігі  Х  әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, Қазақстанға көңілқостық білдірді.

«Біз бауырлас  Қазақстандағы алапат су тасқынына байланысты ақпараттарды күйзелісіпен қабылдадық.

Апаттан  зардап шеккен отбасылар мен  жақын-жуығынан айырылған  азаматтарға көңіл айтамыз. Бауырлас  Қазақстан  халқы және   үкіметіне  тілеулестігімізді білдіреміз»,-делінген  мәлімдемеде.

Естеріңізге салсақ,  еліміздегі  тасқынның салдарынан 3,6 мың үй су астында қалып, 72 мыңнан астам адам  эвакуацияланды.  Олардың 16 мыңнан астамы бала.  Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай режиімі  жарияланды.