Қоғам

Астана әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

"Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ"

Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ  сілтеме жасап.

Келу бағытында жеті рейс кешіктірілген, Түркістаннан келетін бір рейс тоқтатылған. Келу рейстерінің кешіктірілуі мен тоқтатылу себептерін ұшып шығу әуежайлары мен әуе компаниялары анықтайды.

Ұшып шығу бағытында бес рейс кешіктірілді. Шымкент пен Қостанай бағыттарындағы рейстердің кешігуіне бару әуежайларындағы қолайсыз метеожағдайлар себеп болған. Ал Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер әуе кемесінің кеш келуіне байланысты кейінге шегерілген.