Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпарттық қауіпсіздікке қатысты заң талаптарын бұзады – Мадиев
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау формальді рәсім емес, нақты жауапкершілік ретінде қарастырылуы қажет.
Қазақстанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заң талаптарын жиі бұзып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, 2025 жылы мемлекеттік органдарға жүргізілген тексерулер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Нәтижесінде бірқатар мекеме ақпараттық қауіпсіздік бойынша заңда көзделген нормаларды жүйелі түрде орындамайтыны анықталған.
Жаслан Мәдиев орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке ақпараттық жүйелердің қорғалуын және азаматтардың жеке деректерінің сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Министрдің айтуынша, цифрландыру үдерісі күшейген сайын деректерді қорғау мәселесі мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие бола түсуде. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау формальді рәсім емес, нақты жауапкершілік ретінде қарастырылуы қажет.