Қоғам

Қазгидромет су тасқынына байланысты мәліметтерді жариялады

Оңтүстік, оңтүстік батыс жауын-шашынсыз

Орталық коммуникациялар алаңында  Қазгидромет өкілі су тасқынына байланысты мәліметтерді жариялады.

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Смагұлова Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын атап өтеді.

– Қазақстанның солтүстік батысында, солтүстікте, орталықта күндіз жауын-шашын, түнде жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжануда. Тек оңтүстікте, оңтүстік батыста жауын-шашынсыз. Сонымен бірге Ақмола және Ақтөбе облысында дауылдан ескерту беріледі. Ақтөбе облысында 7-10 сәуір аралығында су деңгейі көтеріледі деген болжам бар, – дейді ол.