Әлем

Үндістанда қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жерасты ошағы 10 км тереңдікте тіркелді.

Сейсмологтар Үндістанның шығысындағы Ассам штатында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Орталықтың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 899 мың адам тұратын Гувахати қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым жерде, сондай-ақ 20,8 мың тұрғыны бар Динга елді мекенінен батысқа қарай 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты ошағы 10 км тереңдікте тіркелді.