Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қазақстанда халық саны 20 478 879 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ведомство дерегінше, 2025 жылдың басынан бері ел халқы 195 480 адамға артқан. Халық санының өсуі табиғи өсім мен көші-қон көрсеткіштерінің есебінен қалыптасқан.
Қазіргі таңда ең тығыз қоныстанған өңірлер қатарында ірі қалалар мен оңтүстік аймақтар бар. Атап айтқанда, Алматы қаласында 2 345 012 адам тұрады. Түркістан облысының халқы 2 148 168 адамға жеткен. Астана қаласында 1 630 640 адам, ал Алматы облысында 1 592 652 адам тіркелген.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






