Қоғам

Павлодар облысы әкімінің қазы тұздап жатқан фотосы қызу талқыланып жатыр

Әкім оны әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеген.

Павлодар аймағын басқаратын Асаин Байханов әлеуметтік желідегі бейресми парақшасының белсенділігін арттыруда, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы ол желіде ет тұздап жатқан сәтте түсірілген фотосын жариялады. 

Бұл сурет желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Тіпті айтыскер ақын Аспанбек Шұғатай да жазба астына пікір қалдырып кеткен: "Қазы жеуге болатын еді". Оның бұл пікірін әкім де елеусіз қалдырмаған.