Балжан Бидаш жалған аккаунт ашқандарды сотқа беретінін айтты
Әншінің атынан аккаунт ашып, жарнама жасап жүрген.
Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде өзінің есімін пайдаланып, алаяқтық әрекеттер жасап жүргендер жайында базынасын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол өзінің аты-жөнін және суреттерін заңсыз пайдаланғандарға шүйліккен.
Сондай-ақ ол жалған аккаунттың жазбаларын скриндеп, тыңдармандарын сақтыққа шақырған.
