«Шеврон» су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөлмек
«Шеврон» Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін хабарлайды
«Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.
«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын, – деді «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. – Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымас қолдауын білдіреді».
30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.