Жоғалған банк картасымен сауда жасаған күдіктілер ұсталды
Ақтөбеде полицейлер жоғалған банк картасымен сауда жасаған екі күдіктіні ұстады
Ақтөбеде полицейлер жоғалған банк картасымен сауда жасаған екі күдіктіні ұстады.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 18 және 20 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.
Анықталғандай, сәуір айының басында жас жігіттер банктік картаны тауып алып, сауда жасаған. Олар парфюмерия, киім мен аяқ киім сатып алған. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.