Руханият

Қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбаевтың соңғы хаты оқылды

Оны қайтыс боларының алдына Жазушылар Одағына жазған екен.

Жазушылар одағындағы қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбавтың соңғы хаты оқылды. Актер, сценарист және кинодраматург оны өлерінен алдын дәл осы Жазушылар Одағына жазған екен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Хатта марқұм «Философиялық кеме» атты тарихи романын ерекше атап откен екен. Жылдар бойы жазылған шығармада Шығыс пен түркі әлемінің тағдыры жайлы ой-толғамын қорытындылапты.

Романның саяси астары жок деген жазушы тарихтың трагедиялық тұстарын шынайы әңгімелуге тырысқанын да ерекше атап өткен.

Соңғы хатында ол Қазақстанның Жазушылар одағына өтінішін де айтқан екен.

“Дәл осы романды кәсіби мамандардың окып, талқылауына жол ашып, қазақ тіліне аударылып, халықаралық түркі мәдени кеңістігінде таныстырылса”, – депті. 

Осы хаттан соң бір-ақ күнде марқұм Нұрлан Сегізбаев ҚР Жазушылар одағының мүшесі атаныпты.