Атышулы "Айка ісі": блогер қазіргі өмірі туралы видеоүндеу жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 13:55
- 18
Интим-бизнес ісі бойынша сотталған атышулы блогер Айка алғаш рет көпшілікке видеоүндеу жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазасын өтеу мерзімі кейінге шегерілген блогер Instagram желісінде парақша ашып, соңғы үш жылда бастан өткерген ауыр кезеңі туралы жазба жариялаған.
Айканың айтуынша, бұл уақыт оның өміріндегі ең қиын сынақтардың бірі болған. Ол туған қаласы Алматыдан, отбасынан және жақындарынан алшақта өмір сүргенін айтып, бостандықтың қадірін сол кезде терең түсінгенін жеткізді.
«Өмірімдегі үш жыл үш жүз жылдай сезілді. Туғандарымның дауысын, қарапайым құшақтауды, өмірдің ұсақ, бірақ маңызды сәттерін қатты сағындым», – деп жазды ол.
Сондай-ақ блогер қамаудан шыққаннан кейін денсаулығына байланысты екі рет операция жасатқанын да жасырмады. Оның сөзінше, ұзақ жылдық күйзеліс денсаулығына кері әсер еткен.
Кейінірек Айка видеоүндеу жариялап, қазіргі таңда жеке өміріне қатысты тек шектеулі ақпарат беруге ғана құқылы екенін айтты. Ол қоғамнан өз өміріне түсіністікпен қарап, жеке шекараны құрметтеуді сұрады.
«Қазір өмірімді қайта құрып жатырмын. Баламды тәрбиелеп отырмын. Алдағы қадамдарымды адал әрі саналы түрде жасағым келеді», – деді ол.
Еске салсақ, былтыр қараша айында сот Айканың кәмелетке толмаған баласының барын, мінездемесінің оң екенін және жеңілдетілген жағдайда отырғанын ескеріп, жазасын өтеуді кейінге шегеру туралы өтінішін қанағаттандырған еді.
2023 жылдың соңында құқық қорғау органдары «Айка ісіне» байланысты желіде тараған атышулы тізімнің ресми түрде жоқ екенін мәлімдеген. Тергеу дерегінше, бұл мәліметтер бопсалау мақсатында әдейі таратылған болуы мүмкін.
Кейін Алматыда притон ұйымдастыру және есірткіні заңсыз сақтау деректері бойынша сот процесі өтіп, 2024 жылдың мамырында Айка 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбаевтың соңғы хаты оқылды
Ұқсас жаңалықтар
"Ұлының еміне 1,4 млрд жинаған" блогер сотта көз жасына ерік берді
- авторОймақ
- 26 желтоқсан, 2025
Түркістан облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды
- авторОймақ
- 24 желтоқсан, 2025






