жұма, 26 желтоқсан, 2025 20:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бағаны көтергені үшін қазақстандық қос әуежай жауапкершілікке тартылды

Бағаны көтергені үшін қазақстандық қос әуежай жауапкершілікке тартылды
Фото: gov.kz
Бағаны көтергені үшін қос әуежай жауапкершілікке тартылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлердегі әуежай қызметтері нарығы субъектілеріне қатысты авиаотын сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру фактілері бойынша монополияға қарсы шаралар жұмысын жүргізді.

Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасында көзделген басым жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Акционерлік қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен нарық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мен монополиялық кірісті тәркілеудің жалпы сомасы 16,6 млн теңгені құрады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, Қоғамның атына монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы нұсқама енгізілді.

Ұқсас шаралар Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан "Қорқыт Ата" әуежайы" АҚ қызметінде анықталған бұзушылықтар бойынша қабылданды. Тергеп-тексеру барысында авиаотын құнының негізсіз көтерілгені анықталып, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасын бұзу ретінде сараланды.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қоғамға 7,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 2,5 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленді.

Сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, оны орындау шеңберінде авиаотынның сату бағасы 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар