"Руың кім?" фильмінен кейін Tiger Films компаниясы жұмысын тоқтатты
Қоғамда туындаған сынға байланысты осындай шешім қабылдаған.
Енді Tiger Films компаниясы жаңа фильмдер түсірмейді. Кинокомпания фильм өндірісін тоқтататынын ресми түрде жариялады. Бұл шешімді Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты қоғамда туындаған сын мен соған байланысты қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Tiger Films- компаниясының продюсері Алмат Шадмат ресми мәлімдеме жасап бұған дейінгі компанияның қосқан үлесі жайлы да айта кетті.
Ол Tigers Films ары қарай кинотехниканы жалға беру саласына толықтай көшеді. Tigers Films бұған дейін түсірілімін бастап қойған фильмдерді толығымен аяқтайды.
Бұған дейін компания 56 фильм түсірді. Алмат Шадмат осы жобалардың арқасында жүздеген маманның уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қоғамда ру мен жікке бөлінетіндер қарасы көбейіп бара жатқанын, оның елдің тұтастығына қауіпті екенін айтқан болатын. Ол өз сөзінде «Руың кім?» фильмін сынаған еді.