Қоғам

Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмыстан босатылды

Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

Алматыдағы Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..

Мейрамхана таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптарын бұзуға жол берген мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданған.

Мейрамхана өкілдері қонақтармен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілікті басты қағидат ретінде ұстанатынын атап өтті. Қандай жағдай болмасын, дөрекі немесе орынсыз сөйлеуге жол берілмейтіні және мұндай әрекеттердің сервис стандарттарына қайшы екені баса айтылған. Осыған байланысты ішкі регламенттер күшейтіліп, қызметкерлермен қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні хабарланды.

Сондай-ақ мәлімдемеде Gusto мейрамханасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін құрметтейтіні және қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсететіні көрсетілген.