Жетісулық әйел апта сайын мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Жетісу облысында тұратын әйел мысықты кір жуғыш машинаға салып жуған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Талдықорғандық тұрғын мысықты әдейі кір жуғыш машинаға салып, сосын оны қосып жіберіп, азаптау сәтін WhatsApp статусына жариялаған. Онымен қоймай:
"Өзім аптасына бір рет моншаға түсемін, ал мысығымды осылай апта сайын кір жуғыш машинаға түсіріп, жуып аламын", – деп жазып, видеосын салып қойған.
Адамгершілігі бар желі қолданушылары бейнежазбаны сақтап, желіде таратқан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары e-Otinish платформасы арқылы жаппай шағым жолдап жатыр. Әйелдің жеке басы анықталып, іздестіріліп жатыр.